2025 жылғы 26–27 ақпан күндері «Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру және перспективалары» тақырыбында Республикалық кеңес өткізілді.

Координациялық кеңес барысында 2025 жылғы Ұлттық туберкулезге қарсы
бағдарламаның жүзеге асырылу қорытындылары жарияланды, негізгі
бағыттар таныстырылды және болашақ даму перспективалары талқыланды.
Қатысушылар тәжірибе алмасты, халықаралық ұсыныстар мен озық
тәжірибелерді, сондай-ақ енгізілген инновацияларды қарастырды. 2026–2028
жылдарға арналған Дүниежүзілік қорының грантының негізгі аспектілеріне
ерекше назар аударылды.
Жұмыс топтарында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігі мен End TB
жаһандық стратегиясының мақсаттарына жетуге әсер ететін өзекті мәселелер
талқыланды.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің,
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, аймақтық
фтизиопульмонологиялық орталықтардың басшылары, ТБ/АИТВ
саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен үйлестірушілері,
халықаралық және ұлттық консультанттар мен НТП РК серіктестері, сондай-ақ
Алматы қаласының медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері
қатысты.
Мамандар мен серіктестердің бірлескен жұмысы туберкулезге қарсы көмек
көрсету жүйесін әрі қарай нығайтуға және туберкулезбен күресті тиімді
жүргізуге үлес қосады.






