Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында кездесу өтті

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында Конституцияның
жақында болатын өзгерістері жөнінде түсіндіру мақсатында Куйшинова
Ж.Т. және Байгабулов О.К. сияқты коалиция мүшелерімен кездесу өтті.

Коалиция мүшелері конституциялық реформалардың мақсаты: әділетті қоғам
құру, адамның құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ заң
үстемдігінің қағидаларын күшейту туралы ақпарат берді. Кездесу барысында
әлеуметтік кепілдіктер, азаматтардың құқықтары және Конституцияның
қоғам дамуына атқаратын рөлі ерекше назарға алынды.

Өзгерістер елдің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатыны, мемлекеттік
институттарға азаматтардың сенімін арттыратыны және әрбір азаматқа
болашаққа сенім береді екені айтылды.
Коллективке мемлекеттің өміріне саналы және белсенді қатысу, соның
ішінде 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысу
маңыздылығы атап өтілді.

Референдумға қатысу — әрбір азаматтың демократияны нығайтуға, елдің
дамуына және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қосатын жеке үлесі болып
табылады.

Правительственные интернет-ресурсы